Сорбонна-Қазақстан институты 180 түлекке диплом табыстады
2024 жылдың 28 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Сорбонна-Қазақстан институтының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты шара басында университет басшысы Болат Тілеп еңселі орданы бітіруші түлектерді бейне арқылы құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Жас түлектер! Баршаңызды бүгінгі көпжылдық еңбектің, тынымсыз ізденістің, hәм нәтижелі білімнің жемісімен шын жүректен құттықтаймын. Біз, бәріміз - Абай университетіненбіз!», -деді ректор.
Биыл Сорбонна-Қазақстан институтының 180 түлегі оқуды сәтті аяқтап, болашаққа қанат қағып отыр. Сондай-ақ, диплом алғандардың қатарында Лотарингия университетінде (Метц қаласы, Франция) қосдипломды бағдарламалар бойынша білім алған түлектер де бар.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен концерт залында өткен айтулы шараға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, Францияның Алматыдағы Бас консулы Фабрис Неве және Пуатье университетінің француз әріптестер делегациясы арнайы қонақ ретінде шақырылған. Шара барысында университет басшылығы, институт директорлары мен қонақтар сөз сөйлеп, түлектерге сәт-сапар тіледі. Салтанатты жиын соңы түлектердің кәсіби фотосессия жасауымен, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуындағы концертпен аяқталды.