Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
04.07.2024 Ғылым министрлігі Қазақстандағы рейтингі жоғары университеттер тізімін жариялады
Ғылым және жоғары білім министрлігі рейтингі жоғары қазақстандық жоғары оқу орындарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024 жылы 5 маусымда QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі әлемнің үздік университеттері рейтингінің 2025 жылғы жаңа шығарылымын - QS World University Rankings-2025 шығарды.
"Қазақстан рейтингте 21 жоғары оқу орнымен ұсынылған. Оның бесеуі жақсарып, төртеуі өз позицияларын сақтап, 12-сі төмендеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қала береді. Аталған университет 163-орынға ие болып, әлемнің үздік 200 жоғары оқу орны қатарына қосылды. Бұл өткен жылғы нәтижеден 67 позицияға жақсы. Сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (355-орыннан 321-орынға) және Сәтбаев университетінің (481-орыннан 405-орынға) көрсеткіштері жақсарды", - делінген хабарламада.
Нархоз университеті қазақ тілінде білім беруден бас тартты: Оқу орны журналистің сынына жауап берді.
"Қазақстан рейтингте бедел көрсеткіштерінің - академиялық беделдің және жұмыс берушілер арасындағы беделдің айтарлықтай жақсарғаны үшін атап өтілді. Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан "Жұмыс берушілер арасындағы бедел" индикаторы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бұған Орталық Азия аймағының әрбір еліндегі рейтингке қатысушы барлық жоғары оқу орындары үшін осы көрсеткіш бойынша есептелген орташа мәндер дәлел бола алады", - делінген хабарламада.
Рейтингке қатысқан 21 қазақстандық ЖОО-ның 19-ы "академиялық беделі" және "жұмыс берушілер арасындағы беделі" көрсеткіштерін жақсартты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ең жақсы нәтиже көрсетті. Солардың ішінде "жұмыс берушілер арасындағы беделі" бойынша ҚазҰУ әлемде 77-орында.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев университетін Ұлыбритания азаматы басқаратыны туралы жазған едік.
04.07.2024 Ақпарат көзі: stan.kz |