қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.07.2024

Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті 196 түлекке диплом табыстады

 

2024 жылдың 04 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің бітіруші курс білім алушыларына арналған диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. 2023-2024 оқу жылында Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің дизайн, көркем білім беру, музыкалық білім беру және хареография, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт кафедраларынан бакалавр дәрежесін жалпы 261 студент алса, оның ішінде 6 білім алушы үздік атанды. Магистратура бойынша 1 студент, қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша 14 студентке дипломдары табысталды.

 

Салтанатты шараның алғы сөзі Абай университетінің ректоры Болат Тілептің бейне құттықтау сөзімен ашылып, ары қарай цифрландыру жөніндегі проректор Нуркен Мусабаевтың білім алушыларға деген ақ тілегімен жалғасты. Мерекелік шара барысында жас түлектерге дипломмен бірге Абай Құнанбайұлының қара сөздер жинағы бар құнды естелік кітаптары сыйға тартылды.

 

Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті өз түлектерін маңызды жетістіктерімен құттықтайды және өмірлерінің жаңа кезеңінде сәттілік тілейді!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=