қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.07.2024

Абай университетінің үздік студенттеріне диплом табысталды


2024 жылдың 5 шілдесінде еліміздің алғашқы педагогикалық жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ-да үздік, төрт жыл бойы университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысқан, академиялық жетістіктер мен Халықаралық және Республикалық білім, спорт, өнер додаларында университетіміздің намысын қорғап, айтулы жетістіктерге жеткен, оқу орнының мақтанышына айнала білген студенттерге салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.


Мерекелік іс-шара Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің құттықтау сөзімен басталды. Ректордың арнайы диплом табыстау рәсіміне Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев, университеттің Басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, түлектер және ата-аналар қатысты.


Биыл Абай университетін 4276 түлек сәтті аяқтап, диплом алу құрметіне ие болып отыр. Оның ішінде бакалавр дәрежесін - 3588 түлек алса, магистрант атанған - 637 және докторантура бойынша 51 жас ғалым университет қабырғасынан түлеп ұшты. Бүгінгі үздік деп танылған студенттерді марапаттау кешінде оларға дипломмен бірге оқу ордасы атынан атынан ұлы ақын Абайдың қара сөздер жинағын тарту етілді.


Барлық бітіруші түлектерімізді бүгінгі маңызды қадамдарымен құттықтаймыз. Егемен еліміздің өркендеп дамуына елеулі үлес қосып, педагогика саласының үздігі болуларыңызға тілектеспіз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=