Негізгі бет
Жаңалықтар
09.07.2024 Тарих және құқық факультеті 396 бітіруші түлекке диплом табыстады 2024 жылдың 30 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық факультетінде бітіруші түлектерге арналған «Қияға қанат қақты түлектер» салтанатты диплом тапсыру шарасы өтті. Мерекелік шара Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің құттықтау сөзімен ашылды.
2023-2024 оқу жылында Тарих және құқық факультеті бойынша барлығы 339 студент оқуларын сәтті аяқтады. Бакалавр бөлімі бойынша жалпы саны - 296 түлек қолына дипломын алса, оның ішінде үздік деп танылғандар саны - 100. Ал, 43 білім алушы магистратура бағдарламасы бойынша білімін аяқтап, магистр дәрежесін иеленді. Түлектерге диплом табыстау барысында университет атынан Абайдың қара сөздер жинағы естелік ретінде дипломмен бірге табысталды.
Салтанатты шараға университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханзада Сутеева, Тарих және құқық факультетінің деканы Ғабит Кенжебаев және профессор-оқытушылар құрамы қонақ ретінде қатысып, болашақ маман иелеріне ақ жол тіледі.
Түлектерге диплом табыстау мерекелік шарасы өте жоғары деңгейде өтті. Салтанатты мерекелік шараның өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
|