Негізгі бет
Жаңалықтар
10.07.2024 Абай университетінің оқытушылары «Жасанды интеллект» курсынан өтті 2024 жылдың 1-6 шілдесі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы: Қыяқбаева Ұ.Қ., Тастанова Г.А., Алимбекова А.А., Булшекбаева А.И., Жакупова А.Ж., Исалиева С.Т. және постокторант Измагамбетова Р.К., сонымен қатар «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының докторанттары Берлибаева М.Б., Аяпова Б.А., Хасанова А.Ж., Шажабаева Ж. Қазақстан - Неміс университетінде оффлайн және онлайн форматта «Жасанды интеллект» тақырыбындағы авторлық курстан өтті.
«Жасанды интеллект» курсының оқыту мақсаты - профессор-оқытушылар құрамын және докторанттарды жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы теориялық және практикалық аспектілерді жан-жақты және терең түсінумен қамтамасыз ету. Курс сыни ойлау дағдыларын, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуді және ЖИ-ді практикалық қолдануды дамытуға бағытталған. Қатысушылар курс барысында ЖИ мүмкіндіктерін, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу және компьютерлік көру салаларындағы негізгі тұжырымдамалар мен озық әдістерді меңгерді. Курста ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне тиімді пайдалану және академиялық және кәсіби ортада күрделі ақпараттық технологиялық мәселелерді шешу, сонымен қатар ЖИ қолданудың этикалық және әлеуметтік аспектілері қарастырылды.
Аталған курс жасанды интеллекті білім беру процессінде табысты қолдану үшін қажетті құралдар мен білімді ұсынады. Курс қатысушылардың сыни ойлау және ғылыми зерттеу дағдыларын дамытып, кәсіби және академиялық өсуіне ықпал етті.
|