қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.07.2024

Министрдің кеңесшісі Абай университетінде іссапармен болды

 

2024 жылдың 12 шілдесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев Абай атындағы ҚазҰПУ-да болды. Сапар барысында университеттің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, қабылдау комиссиясының өкілдерімен кездесу өткізді.


Кездесуге университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Ректор аппаратының басшысы Жанатбек Ишпекбаев, қабылдау комиссиясының басшысы Алмагүл Смағұлова, кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы Нұрмахан Әуесбекұлы және қабылдау комиссиясының қызметкерлері қатысты.


Руслан Емелбаев өз сөзінде Алматы еліміздің ең ірі қаласы болғандықтан, көптеген жоғары оқу орындары осында орналасқанын және мектеп түлектері үшін үлкен таңдау бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңірлерден келген әрбір үшінші талапкер педагогикалық мамандыққа үміткер, сондықтан Абай университетіне жүктелген жауапкершілік өте жоғары екенін айтты.


«Өткен жылы 94 000 талапкер грант конкурсына қатысып, оның 23 500-і педагогикалық мамандыққа құжаттар тапсырды. Яғни, грантқа әрбір төртінші үміткер мұғалім болғысы келеді. Биылғы жылы да солай болады деп күтілуде», - деді министрдің кеңесшісі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=