Абай университетінің оқытушылары халықаралық конференцияға қатысты
2024 жылдың 18-26 шілдесі аралығында Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Білім беруді цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі» ИРН АР 19679368 жобасы аясында екі халықаралық конференцияға белсенді қатысты.
«Reinhardshöhe» оңалту клиникасында (Бад Вильдунген, Гессен, Германия) «Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияны Абай университетінің PhD докторы Айгүл Ахметова және «Reinhardshöhe» оңалту клиникасының PhD докторы Алена Гарбер бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты - оқу процесіне қатысушылардың психикалық денсаулығын сақтауда әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдаудың маңыздылығын ашу.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 21-26 шілдесі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева және PhD доктор Айгүл Ахметова Прагада (Чехия) өткен ICP 2024 халықаралық психологтар конгресінде постерлік презентация жасады. Аталған конгресте интегративті ертегі терапиясы негізінде балалардың даму проблемалары қарастырылып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды оңалту орталықтарының өзара іс-қимыл моделі таныстырылды. Конгресс бағдарламасы аясында оқытушылар Я.А. Коменскийдің педагогикалық мұражайында болды.