қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.08.2024

Абай университетінің түлегі Олимпиада алтыны үшін бақ сынайды


Франциядан жағымды жаңалық! Абай университетінің түлегі, Грек-рим күресінен 77 келі салмақта жартылай финалда белдескен Демеу Жадыраев финалға жолдама алды.

 

Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан айласын асырып, 3:1 есебімен басым түскен болатын. Ал, бүгін ол Олимпиада алтыны үшін бағын сынайды.

 

Естеріңізге сала кетейік, Демеу Жадыраев Париж-2024 олимпиадасында алтынға таласады. Финалдағы қарсыласы - Азия чемпионы, жапондық Нао Кусака. Түлегіміздің ақтық айқасын бүгін, 21.15 те Хабар арнасынан көре аласыздар.

 

Демеу Жадыраевқа Абай университетінің атынан сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=