қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.08.2024

2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері

 

«Елдің зияткерлік әлеуеті» Ұлттық ғылыми кеңесінің шешімдерімен Абай атындағы ҚазҰПУ ҚР ҒжЖБМ қаржыландыратын 9 гранттық жоба ұтып алынғанын қуана хабарлаймыз.

 

«Жаратылыстану ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша:

 

Косов Владимир Николаевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

АР23488139 «Көпкомпонентті газ ортасының тепе-теңдігінің изотермиялық тұрақтылығын зерттеу және бастапқы қалыптасу кезеңіндегі конвективті ағындардың эволюциясы» ғылыми жоба жетекшісі.

 

«Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылыми бағыты бойынша:

 

Құрманбайұлы Шерубай - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі.

AP23487260 «Алаш қайраткерлері және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілінің тарихы» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Абишева Сауле Джунусовна - филология ғылымдарының докторы, профессор.

AP23489915 «Қазақстан бейнесінің қазіргі әлемдік мәдениеттегі трансмедиалды және көркемдік көрінісі» ғылыми жоба жетекшісі.

Сагимбаева Айнур Есенгазыевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

AP23490592 «Генеративті жасанды интеллект технологиясының программалаудан ЖОО студенттерінің білімін бақылау әдістемесіне әсерін зерттеу» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Камалова Гульдина Большевиковна - педагогика ғылымдарының докторы, доцент. AP23490844 «IoT-оқу орнын трансформациялау: жобалау, Smart аудиторияны енгізу және білім беру үшін IoT саласындағы мамандарды даярлау» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Колумбаева Шолпан Жаксыбаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

AP23488334 «Университет-мектеп» коллаборация аясында директорлық институтын дамытудың инновациялық моделін кастомизациялау» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Какимова Лаура Шариповна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

AP23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Найманбаев Алмас Абдыманапович - PhD, аға оқытушы.

AP23490584 «Түркі халықтары әдебиетіндегі «Ояну дәуірінің» жырлану ерекшелігі (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы)» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Лайсханов Шахислам Узакбаевич - PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессор м.а.

AP23487595 «Мектеп географиясында Жерді қашықтан зерделеу (ЖҚЗ) материалдарын қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелік әзірлемелерді дайындау» ғылыми жоба жетекшісі.

 

Ғалымдарымызды жаңа жетістіктерімен құттықтай отырып, оларға табысты ғылыми жаңалықтар тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

       alt=