қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.08.2024

Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілімен кездесу: Абай университеті үшін дрон-технологиялар саласындағы жаңа перспективалар


2024 жылдың 16 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілі, профессор Own Chung-Ming-пен (Қытай) кездесу өтті. Іс-шараға университет басшылығы, сондай-ақ Ғылым департаменті, Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Математика, физика және информатика факультетінің өкілдері қатысты.

 

Кездесудің мақсаты Абай университеті мен Tianjin ums Smart Technology Co ltd арасындағы дрондар зертханасын құру және дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.

 

Кездесу барысында дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірегей платформа құру жоспары егжей-тегжейлі талқыланды. Еліміздің жетекші педагогикалық университеті базасында дрондар зертханасын құруға, сондай-ақ Tianjin ums Smart Technology Co Ltd мен Абай университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

 

«Біздің компания - кішігірім лаборатория іспеттес. Қазіргі уақытта мен дрондар мен роботтарды құрастырып, олардың құрылымын дамытудамын. Біздің дрондар жасанды интеллектті енгізу үшін, сондай-ақ ойынға негізделген оқыту әдістерін жасауға болатын дрондарды әзірлеу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда студенттерге компьютерлік технологиядан сабақ беремін, олардың осы салаға белсене араласуына жағдай жасап жатырмын», - деді Тяньцзинь университетінің профессоры Own Chung-Ming.

 

Екі ел арасындағы кездесу екі ұйымның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ете отырып, озық технологиялардың дамуын жеделдететін және студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ынтымақтастыққа берік негіз болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=