қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.08.2024

Алматыда Екінші педагогтар саммиті басталды: Abai University — ауқымды білім беру жобасының стратегиялық серіктесі


Бүгін, 2024 жылдың 19 тамызында Алматыда «Inclusive Development Foundation» (IDF) ұйымдастырған Педагогтардың екінші саммиті басталды. Абай атындағы ҚазҰПУ - еліміздің тұңғыш және жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ретінде әлемдік сарапшылардың қатысуымен өтетін ауқымды білім беру және ғылыми-инновациялық жобаның стратегиялық серіктесі болды.


Педагогтар саммитінің мақсаты инклюзивті білім беру, жасанды интеллект және әлеуметтік-эмоционалды интеллект саласындағы озық білімдер мен тәжірибе алмасу арқылы педагог қауымның кәсіби құзыреттілігін нығайту болып табылады. Саммит білім беру сапасын арттыруға және педагогикалық қызметке үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге ықпал ете отырып, оқытудағы инновациялық тәсілдерді дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.


Ауқымды білім беру және ғылыми-инновациялық жоба аясында саммитте әлемдік сарапшылар баяндама жасап, үш күн бойы инклюзивті білім беру, жасанды интеллект бойынша практикалық білімдерімен және дағдыларымен бөліседі, сондай-ақ Lesson Study (математика) және әлеуметтік-эмоционалдық интеллект сияқты тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.


Абай атындағы ҚазҰПУ Басқармасының атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бану Нарбекова Алматы қаласының ұстаздар қауымына құттықтау сөз сөйледі. Абай университетінің бұл шараға қатысуы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы маңызды қадам екеніне тоқталып, үздіксіз білім алудың маңыздылығына және білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізуге баса назар аударды.


Саммит 19-21 тамыз аралығында Алматы мен Астанада өтеді. Бұл іс-шара халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға және шетелдік озық тәжірибені Қазақстанның педагогикалық тәжірибесіне енгізуге ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=