қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.08.2024

Абай университетінің студенті «Қазақстан Республикасының үздік студенті» атанды


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика факультетінің 2 курс студенті Бердахмет Еркеш «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Түркі халықтарының бірлігі» халықаралық форумында университетімізді лайықты таныстырды. Осы беделді конкурс аясында Бердахмет Еркеш «Қазақстан Республикасының үздік студенті» номинациясымен марапатталды.

 

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар жетістіктері мен өздері туралы толық ақпаратты қамтитын өтінімдерін берді. Іріктеу қорытындысы бойынша үздік студенттер 26 шілдеде Астана қаласында өткен екінші кезеңге жолдама алды. Конкурсқа Қазақстаннан ғана емес, басқа түркі мемлекеттерінен де студенттер қатысты. Үздіктердің үздіктері «Алтын жұлдыз» иегері», «ТМД үздік студенті» және «Қазақстан Республикасының үздік студенті» сияқты түрлі номинациялар бойынша жоғары марапаттарға ие болды.

 

Бердахмет Еркеш - Абай университетінің мақтанышы. Сізді осы лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңызға жету жолында табыстар тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=