қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.08.2024

Aбай университетінің профессоры Barcamp by project 2024 жобасына қатысты

 

Абай университетінің профессоры Марфуга Абсатова Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті ұйымдастырған (Беларусь) Barcamp by PROJECT 2024 жұмысына қатысты.

 

Barcamp - халықаралық конференциялар желісі. Желілік жобаларды құруға арналған белсенділіктің жаңа тұжырымдамасы болғандықтан, үнемі ашық форматта өтеді. Жоба аясында қатысушылар баяндамалар, тренингтер, презентацияларды еркін талқылай алады.

 

Профессор Марфуга Абсатова пленарлық отырыста «Жоба білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы ретінде» баяндамасымен сөз сөйлеп, жобалау қызметін іске асырудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Іс-шара барысында конференцияны ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, баяндаманың жоғары деңгейде өткенін айтты. Жоба соңы нәтижелердің практикалық бағытына жол көрсетумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=