қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.08.2024

Абай университетінің студенті джиу-джитсудан Орталық Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

 

2024 жылдың 17-18 тамыз аралығында Шымкент қаласында джиу-джитсудан «JJAU REGIONAL CHAMPIONSHIP CENTRAL ASIA 2024» Орталық Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстан сияқты бес елдің атынан 700-ге жуық спортшы қатысты. Абай университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Төлеухан Айзат жоғары дайындық пен шеберлік танытып, қола медаль иегері атанды.

Абай университеті Төлеухан Айзаттың жетістігін мақтан етеді. Жеңімпазымызға спорттық аренада табыс тілейміз.

 

  alt=