қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
20.08.2024

Абай университетінде Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілімен кездесу өтті

 

                

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd (Қытай) компаниясының өкілі, профессор Own Chung-Ming-пен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Абай университеті мен Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd арасындағы дрондар зертханасын құру және дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.

 

Кездесу барысында дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірегей платформа құру жоспары егжей-тегжейлі талқыланды. Еліміздің жетекші педагогикалық университеті базасында дрондар зертханасын құруға, сондай-ақ Tianjin UМS Smart Technology Co Ltd мен Абай университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

 

«Біздің компания - кішігірім лаборатория іспеттес. Қазіргі уақытта мен дрон және роботтарды құрастырып, олардың құрылымын дамытудамын. Біздің дрондар жасанды интеллектті енгізуге, сондай-ақ ойынға негізделген оқыту әдістерін жасауға болатын дрондарды әзірлеу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда студенттерге компьютерлік технологиядан сабақ беремін, олардың осы салаға белсене араласуына жағдай жасап жатырмын», - деді Тяньцзинь университетінің профессоры Own Chung-Ming.

 

Екі ел арасындағы кездесу екі ұйымның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ете отырып, озық технологиялардың дамуын жеделдететін және студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ынтымақтастыққа берік негіз болды.

 

20.08.2024

Ақпарат көзі: bilim.expert