Студенттерге арналған профилактикалық түсіндірме жұмыстары
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен университетінің 2-3 курс студенттеріне тәлімгерлік бағыт бойынша түсіндіру-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамдағы алаңдатушылық тудырып отырған, буллинг, құмар ойындарға берілу және бопсалау мәселері бойынша, оқу орнындағы тәртіп, тыйым салынған дүниелерді студенттер арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыс жүргізу.
Түсіндірме жұмыстары барысында Жастар ісі жөніндегі бөлім төрағасы Райымбек Пірәлі бір-біріне қоқан-лоқы көрсету, өзге адамдарды қорқыту және тәртіп бұзушылық сынды оқиғалардың үлкен қателікке апаратынын, сондай-ақ, осындай жағдайға тап болған кездегі жасалу керек әрекеттер туралы айтты. Райымбек Пірәлі позитивті ақпараттармен де бөлісіп, жастарды қай салада болмасын, университет намысын қорғауда аянбай еңбек етуге шақырды. Жиын соңында студенттер ойларын ортаға салып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.