қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.10.2014

«Шығыс тілдерін оқытудағы инновациялық бағыт-бағдарлар»
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ
ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Көптілді білім беру институты, Шығыс тілдері кафедрасы.
Конференцияның мақсаты: Қазақстанды әлемдік білім беру қауымдастығымен баланыстыратын тетік ретінде шығыс елдері тілдері мен әдебиетінің Қазақстан ЖОО оқытылу барысы. Қазақстан мен бірқатар шет елдердегі шығыс тілдерін оқытудағы өзіндік жаңалықтары мен тәжірибелері мен танысу.
Конференция барысында үш жұмыс секциясы қызмет көрсетті:
1. Шет елдік Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті және философиясы.
2. Шығыс тілдерін оқытудағы заманауи технологияларды меңгерудің қазіргі тұжырымдамалары
3. Шығыстану тілбілімінің көкейкесті мәселелері: өзара байланыс пен ынтымақтастық тәжірибелері.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі аясында өткізіліп отырған конференцияның күн тәртібіндегі Қазақстан ЖОО-мен қатар Қытай, Корея, Ресей Федерациясы сияқты елдері ЖОО ғалымдарының өзара пікір алмасуы маңызды жұмыстардың қатарынан орын алуда. Пленарлық және секциялық мәжілістерде 40-тан астам ғылыми мақала ұсынылмақ.
Конференциядағы өзекті тақырыптардың бірі университеттің ғылыми әлеуетін арттыру, алыс-жақын шет елдік әріптестермен ынтымақтастықты жандандыру, студент пен ПОҚ академиялық мобильдік құзіреттілігін арттыру, студенттеріміз бен магистранттарымыздың шет елдік білім беру бағдарламаларына қатысуларын қолдау болып табылады.
Көптілді және мультимәдени ортада өмір сүріп жатқан Қазақстан қоғамының шет елдермен қарым-қатынасын ұлғайта және нығайта отырып халықаралық қарым-қатынасына жаңа бағыт-бағдар беру.
Аталмыш конференция шығыс елдері тілдерін оқыту мен меңгеру барысын одан әрі жетілдіре отырып еліміздің экономикалық-әлеуметтік әлеуетін арттыру, Қазақстан Реупубликасы Бірінші Президентінің «Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан елдің саяси бағыты» атты мемлекеттік бағдарламасының аясында түйіндеу және бағыт-бағдар беру болып табылады.