қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.09.2024

Отбасы туралы ең маңызды әңгіме


2024 жылдың 6 қыркүйегінде Отбасы күні аясында «Ең ұлы - отбасы» әдеби іс-шарасы өтті. Аталмыш кездесуді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, Алматы қаласының № 165 мамандандырылған лицейі және И. А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.

 

Әдеби шараның жарқын көрінісі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы туралы айтылған дәйексөзі болып табылды: «Өзі шыққан тамырын білу және отбасылық дәстүрлерді қастерлеу - біздің халқымыздың санасында барлық уақытта ерекше орын алады. Бүгінде олар біздің ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады».

 

Іс-шара барысында сөз алған ғалым, ақын, аудармашы Қайрат Жаңабаев қазақ отбасының дәстүрлері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында қалай бейнеленгені туралы баяндап берді. Қазақ әдебиетіндегі отбасы туралы, отбасының адам өміріндегі рөлі туралы әсерлі әңгіме лицейдің он бірінші сынып оқушыларын да, Абай атындағы ҚазҰПУ филолог-студенттерін де бей-жай қалдырмады.

 

Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. Дина Сабирова қазіргі қазақ әдебиетіндегі отбасы әлемі туралы сөз қозғап, отбасындағы негізгі ұғым - өзара түсіністік пен рухани жақындық екенін ашып айтты.

 

Ғалымдардың, лицей оқушылары мен студенттердің әңгімесі қызықты әрі әсерлі болды. Әдеби шара соңында қатысушылар мұндай кездесулер дәстүрге айналуы тиіс деген пікір білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=