Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
13.09.2024
Электр қуатын беретін стансаның барлығын дамыту қажет - Тимур Жолдыбаев
АЭС салынса, тұтынылатын электр қуатының 10 пайызын бере алады. Осылай деген мамандар бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде талқылау өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосуда әлемдік тәжірибе, қауіпсіздік және экономикалық тиімділік, АЭС-ке балама энергия көздері сынды негізгі тақырыптар талданды. Жиынға қатысушылар сала мамандарынан қажетті сұрақтарына жауап та алды. Ал ғалымдар елімізде 3 зерттеу реакторы жұмыс істеп тұрғанын айтты. Олардың барлығын қазақстандық мамандар басқарады.
- Электр қуатын тұтыну деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Әр он жыл сайын 10 пайызға артып жатыр. Алдағы уақытта көмір жағуды төмендетеміз. Сол себепті электр қуатын беретін стансаның барлығын дамыту қажет. Күн мен желдің, сондай-ақ ядролық энергетиканың мүмкіндігін пайдалану керек, - деді «Ядролық физика институты» РМК Ядролық физика бөлімінің басшысы Тимур Жолдыбаев.
13.09.2024 Ақпарат көзі: almaty.tv |