қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.09.2024

Ғылыми кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы

 

2024 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Ғылыми кітапханада ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы өтті. Мақсаты - 1 курс студенттерін кітапхананың ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалануға үйрету. Іс-шараға университеттің барлық факультеттері мен институтының 154 тобынан 3800-ден астам 1-ші курс студенттері қатысты.


Іс-шара барысында студенттерге университет кітапханасында өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларын дамыту, сонымен қатар дәстүрлі және электронды кітапханалар, олардың құрылымы, анықтамалық-іздестіру жүйелері және құжаттарды іздеу әдістері туралы презентация түрінде ақпарат берілді. Ғылыми кітапхана мамандары сонымен қатар қатысушыларға цифрлық ресурстарда деректерді іздеу және сақтау дағдылары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы жоғары деңгейде өтіп, кітапхана қызметкерлеріне де, студенттерге де жақсы әсер қалдырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=