қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.09.2024

Абай университетінің оқытушылары АҚШ-та


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD оқытушылары, аға оқытушы - PhD Ф.М. Ержанова, қауымдастырылған профессор С.К. Серикова, аға оқытушы Г. Е. Жандыкеева, оқытушы А.Б. Умарова «500 ғалым» бағдарламасының «Болашақ» президенттік стипендиясы бойынша Urbana-Champaign (Иллинойс, АҚШ) университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттар алдымен төрт ай бойы қарқынды ағылшын академиялық тілі курстарынан өтті. Сондай-ақ, English Speaking Club ағылшын сөйлеу клубының мүшелері болды, штаттың тарихи орындарымен танысты - штат астанасы Спрингфилд қаласына саяхат жасады.

 

2024 жылғы 23 тамызда стипендиаттар Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаевпен, сондай-ақ АҚШ-тағы «Болашақ» бағдарламасының өкілі Руслан Сәкеевпен кездесті. Бүгінгі таңда зерттеушілер озық және кәсіби академиялық ағылшын тілі курстарынан, сондай-ақ «Академиялық жазу», «Жоғары білім берудегі трансформациялар» және «Педагогикалық инновациялар» курстарынан тұратын бағдарламаны меңгеруде. Ғылыми тағылымдамадан өту зерттеушілерге біліктілік деңгейін арттыруға, басқа университеттер мен ғылыми орталықтардың әріптестерімен байланыс орнатуға, педагогикалық пәндерді зерттеу және оқыту дағдыларын жақсартуға және халықаралық ғылыми байланыстар орнатуға көмектеседі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=