қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.09.2024

 

              Абай университеті Гонконг білім беру университетімен (EdUHK) ынтымақтастықты нығайтуда

 

                

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Гонконг білім беру университетінің (EdUHK) өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - «Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру» бағыты бойынша орталық ашу мәселесін талқылау.

 

Кездесу барысында Гонконг білім беру университетінің интернационалдандыру жөніндегі вице-президенті, профессор Ло Синг Кай «Kazakh Centers of Education» жаңа жобасының құрылымымен таныстырып, әлеуетті арттыру бағдарламасы, халықаралық конференциялар ұйымдастыру және жазғы/қысқы мектептерді өткізу туралы толық мәлімет берді.

 

Сондай-ақ, екі университет ғалымдары арасындағы ынтымақтастық пен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру орталығының қызметі сияқты негізгі тақырыптарға ерекше назар аударылды.

 

Гонконг білім беру университеті пәндер бойынша университеттердің әлемдік рейтингінде (QS World University Rankings by Subjects) 20-шы орында тұрғанын атап өткен жөн, бұл осы серіктестіктің академиялық және ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл кездесу академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

 

18.09.2024

Ақпарат көзі: www.gov.kz