қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.09.2024

Абай университетіндегі шетелдік студенттерге арналған «Russian Club»

 

Филология факультеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының волонтерлік бастамасы - Абай атындағы ҚазҰПУ шетелдік студенттеріне арналған «Russian Club».

 

2024 жылдың 16 қыркүйегінде Филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында шетелдік студенттерге арналған «Russian Club» өз жұмысын бастады. Клубтың мақсаты - студенттер белсенді пікірталастар мен интерактивті тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларын жетілдіре алатын еркін қарым-қатынас кеңістігін құру.

 

Қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытайдан келген студенттер, сондай-ақ «Орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша екінші курста оқитын Түркіменстан азаматтары аталған клубқа қатысушылар болып табылады. Клуб қатысушыларының ұлты мен тіл деңгейлерінің әртүрлілігі қызықты пікірталастарға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

 

Клубта сабақтар кафедраның жас оқытушылары мен докторанттардан құралған волонтерлердің жетекшілігімен өтеді, олар қатысушыларға орыс тілін тереңдету бойынша практикалық тапсырмалар ұсынады. Студенттер ағымдағы тақырыптарды талқылап, грамматика, лексика және стиль бойынша тапсырмаларды орындайды. Бұл олардың біліктілік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, мәдени ортаға енуіне көмектеседі.

 

Әңгімелесу клубы білім алатын орта ғана емес, сонымен қатар студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, достық қарым-қатынас орнатуға және Қазақстандағы оқу мен өмірге жақсы бейімделуге мүмкіндік береді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=