қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.09.2024

Абай университетінің студенті республикалық конкурстың 1 орын иегері


2023-2024 оқу жылының соңында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ғылыми конференция өткізген еді. Университетішілік конференция негізінде «6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Динара Серикова бірінші орынды иеленді. Нәтижесінде Динара Серикова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында өткізілген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық дәстүрлі конкурсында (СҒЗЖ) өз жұмысын қорғап, 1 орынды иеленіп қайтты.

 

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сүйене отырып, Динара мен оның ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж. Б. Ибраева «Эдгар Аланның «Алтын қоңыз» әңгімесінде басты кейіпкер - Уильям Леграндтың данышпандығы мен ақылсыздығы» («Гениальность и сумасшествие главного героя - Уильяма Леграна - в рассказе Эдгара Алана по «Золотой жук») тақырыбында зерттеу дайындап, жұмыстарын Атырау университетіне электронды және баспа нұсқаларында жіберді. Жұмыстарды тексеру «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша пәндік комиссияның сарапшыларымен жасырын түрде іске асырылды.

 

Конкурстан жүлделі оралған студентімізді және оның ғылыми жетекшісі Ж. Б. Ибраеваны Абай университетінің ғылыми-зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан жеңісімен құттықтап, университет дипломы мен бренд өнімдерін табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=