қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.09.2024

PhD докторанттармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі

 

2024 жылдың 17 қыркүйегінде Тарих және құқық факультетінде университеттің ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Гүлзада Баймбетованың, факультет басшылығы мен кафедра меңгерушілерінің қатысуымен 1 курс докторанттары мен ғылыми кеңесшілерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

 

Биылғы оқу жылында Тарих және құқық факультетінің докторантурасына 34 адам қабылданды. Қазіргі уақытта аталған факультетте 70-тен астам докторант оқиды.

 

Кездесуді Тарих және құқық факультетінің деканы Ғабит Кенжебаев ашты. Өзінің кіріспе сөзінде ол отандық ғылымды дамыту үшін жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Сонымен қатар, кездесу барысында докторанттарға зерттеу тақырыптарын, докторанттардың отандық және шетелдік кеңесшілерін бекіту-қайта бекіту, ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақала жариялау, ғылыми тағлымдама және т.б. сияқты өзекті мәселелер  түсіндірілді.

 

Донторанттарға ғылыми кеңесшілерімен тығыз байланыста болуы және ғылыми зертеумен байыпты айналысу керектігі туралы, зерттеу жұмысы жоспарлы түрде жүруі үшін әр семестрдің соңында докторант кафедрада ғылыми жұмысының барысы бойынша есеп беретіндігі ескертілді.

 

Кездесу соңында докторанттар спикерлерден өздерін толғандырған сұрақтардың жауабтарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=