Негізгі бет
Жаңалықтар
23.09.2024 «Мен өмірді таңдаймын» психологиялық тренинг апталығы өтті
2024 жылдың 16-20 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Психологиялық қолдау қызметі «Мен өмірді таңдаймын» психологиялық тренинг апталығын ұйымдастырды.
Тренингтің негізгі мақсаты - студенттерді қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға, әлеуметтік денсаулығын сақтауға және өмірге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету.
Тренинг әр студентке өз құндылығын сезіндіру үшін «Танысу» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде өмір туралы ұғымдарын дамытуға, қиын сәттерде өзіне және жақындарына қолдау көрсетуге арналған «Ойланып көрейік» және «Жануарға көмектесейік» жаттығулары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттердің өмір сүруге құлшынысын арттырып, бойындағы бар мүмкіндікті жүзеге асыруға «Шеңберден шық» жаттығуы бағытталды. Студенттер тренингтен, стресстік жағдайлардан арылу, өмірге құштарлығын ояту, эмоциялық күйді баланста ұстау, өмірдің құндылықтарын бағалау бойынша ақпарат алып, өздерін толғандырып жүрген жеке пікірлерін ортаға салды.
Тренинг соңында студенттер тренингтен алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты.
Психологиялық қолдау қызметі |