қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2024

Абай университетінің оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуде


Aбай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD Бақытжан Сапаров «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Қазан федералды университетінің Психология және білім беру институтында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Бақытжан Сапаровтың ғылыми жетекшісі білім беру және тәрбие әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ББО директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, профессор Алмаз Галимов.

 

Тағылымдама бағдарламасының мақсаты - ұлттық мәдениеттердің алуан түрлілігін түсіну мен құрметтеуге ықпал ету, студенттер арасында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті дамыту, әртүрлі ұлттар арасындағы өзара әрекеттесуді қолдайтын білім беру ортасын құру болып табылады.

 

  alt=