қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2024

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері – Президенттік шәкіртақы иегерлері

 

Филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «6B01702-Орыс тілі мен әдебиеті» және «6B01702-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі» мамандықтары бойынша білім алатын 3-4 курстың 5 студенті Президенттік шәкіртақы иегерлері атанды.

 

Шәкіртақы иегерлері:


1. Темірбекова Дильназ Еркінқызы (ОТӘ (орыс тілі мен әдебиет), 301 топ);

2. Серікқалиева Жаннұр Бахтиярқызы (Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі, 402  топ);

3. Маханбет Раушан Ғалымжанқызы (Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі РКО, 306 топ);

4. Нурылла Ұлдана Нұрбайқызы (Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі, 402 топ);

5. Серикова Динара Мадиярқызы ( Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі, 302 топ).

 

Бұл үздік үлгерімі бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын, семинарлар мен конференцияларға үнемі қатысатын студенттер. Лингвистика және әдебиет саласындағы республикалық конкурстардың жеңімпаздары. Сондай-ақ, олар  университеттің қоғамдық және мәдени тынысына барынша белсенді қатысады.

 

Болашақта оларға сәттілік және ғылыми-зерттеу қызметінде үлкен жеңістер тілейміз.

 

  alt=