Негізгі бет
Жаңалықтар
23.09.2024 Абай университеті малайзиялық оқу орындарымен байланысты нығайтуда
2024 жылдың 20 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Малайзия университеттері өкілдерінің Алматыға сапары аясында малайзиялық оқу орындарының делегациясымен кездесу өтті.
Күннің бірінші жартысында Малайзияның Сити университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты университет қызметімен танысу және өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын айқындау болды.
Малайзияның Сити университетінің өкілдері университет тарихы, ғылыми қызмет бағыттары және білім беру бағдарламалары туралы презентация жасап, университеттің алдағы жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті. Талқылау барысында академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін алмасу бағдарламаларын құру, сондай-ақ Абай университеті факультеттерінің докторанттары мен магистранттары үшін ғылыми тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру мүмкіндігі атап өтілді. Сонымен қатар, Малайзия өкілдері педагогикалық әдістеме және басқа да бағыттар бойынша конференцияларға, жарияланымдар мен жобаларға бірлесіп қатысуға ниет білдірді. Кездесу соңында университеттер арасында меморандумға қол қою мүмкіндігі қарастырылды.
Түстен кейін университет басшылығы екінші делегацияны қабылдады, оның құрамына Education Malaysia Global Services (EMGS), сондай-ақ University Malaya (UM) және University Putra Malaysia (UPM) өкілдері кірді. Мақсаты Абай университетімен тығыз ынтымақтастық орнату болды.
Малайзия делегациясының өкілдері бірлескен зерттеулер мен жобаларға, сондай-ақ студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және докторанттар мен магистранттар үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға жоғары қызығушылық танытты. Кездесу барысында білім, химия, биология, инженерия және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Абай университетінің ғалымдары мен зерттеушілерінің ғылыми еңбектерін UM және UPM ғылыми журналдарында жариялау мүмкіндігі қарастырылды. Малайзия университеттерінің өкілдері ғылыми және білім беру бағдарламаларының бағыттарын ескере отырып, олар Абай университетінің студенттеріне түрлі мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндіктер бере алатынын атап өтті. Кездесу соңында тараптар білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
|