қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.09.2024

«Қазақстан Республикасындағы Атом электр станциясының маңызы» пікірталас турнирі

 

2024 жылғы 19 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті құқықтану кафедрасының профессоры А.Р.Бижанова мен PhD доктор Г.Ж.Османованың ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы Атом электр станциясының маңызы» тақырыбында пікірталас турнирі өтті. Турнир «6В04201-Құқықтану:сот-прокурорлық қызмет» және «6В04202-Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс студенттерінің қатысуымен өтті.

 

Турнирде АЭС құрылысының өзекті мәселелері талқыланды. Студенттер республикалық референдум өткізудің құқықтық маңыздылығы мәселелерін көтеріп қана қоймай, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қаржыландыру, жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелерін қозғады. Дені сау ұлт-еліміздің болашағы!

 

  alt=  

 

  alt=