Негізгі бет
Жаңалықтар
27.09.2024 «Табиғатпен үйлесімділікте» әлеуметтік-терапиялық акциясы
2024 жылдың 25 қыркүйегінде «6В01801-Әлеуметтік педагогика», «6В03111- Практикалық психологты даярлау», «6B03104 Саясаттану», «6В04205 - Халықаралық құқық» мамандығының 1-2 курс ерікті-студенттері «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығының мүмкіндігі шектеулі жандары үшін «Табиғатпен үйлесімділікте» әлеуметтік-терапиялық акциясын ұйымдастырды. Акция «Мейірім» клубының әлеуметтік-педагогикалық және мәдени-ағартушылық бағыттары бойынша қауымдастырылған профессор Г. К. Ширинбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Табиғатқа шығу шарасының мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулықты нығайту, оңалту процесінде төмендетілген ағзаның функционалдық ресурстарын қалпына келтіру. Акция «Северный» саябағында өтті. Еріктілердің мәдени-ағарту жұмысы жеке және топтарда арт-терапевтік элементтерді (табиғи ортаға кірі, ағаштарды, гүлдерді бақылау, табиғи құбылыстар мен табиғи күштерді зерттеу, құстардың дыбыстары, жапырақтардың шуы және т.б.) пайдалана отырып, түзету-дамыту ойындарының кешенінде жүргізілді. Осы атмосферада еріктілер өздерінің табиғатпен бірлескен жанды, мейірімді әндерін және флэш-моб жігерлі билерінен тұратын шығармашылық жұмыстарын жүзеге асырды. Табиғатта жүргізілген психологиялық релаксация функциясы бар жұмыстың белсенді түрі еріктілер үшін, сондай-ақ табиғатпен және өзімен үйлесімділікті қалайтын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пайдалы болды.
Іс-шара соңында шығармашылық жұмыста анықталған белсенді топтарға ізгі тілектер айтылды.
«Мейірім» еріктілер клубы |