Негізгі бет
Жаңалықтар
27.09.2024 Түркі тілдерінің лингвистикалық корпусы: теория және практика 2024 жылдың 25 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Түркі тілдерінің лингвистикалық корпусы: теория және практика» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ГҚ «АР19676988 А.Байтұрсынұлының конкордансы, Қазақ-орыс параллель корпусы» жобасының жетекшісі Г.Ж.Байшукурова және жоба мүшелері: ф.ғ.к. А.Б.Иргебаева, ф.ғ.к., доцент Н.Н.Аитова ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қазақстаннан т.ғ.д. А.А. Шәріпбаев, PhD Б.Ж.Ергеш, филология ғылымдарының докторы, ф.ғ.д. С.Ж.Абишева, Татарстан Республикасынан т.ғ.к. А.Р. Гатиатуллин, ф.ғ.к. Б.Е.Хакимов, Түркиядан PhD Танер Сезер, АҚШ-тан PhD Галина Джонсон сынды жетекші ғалымдар қатысты. Қазақ тілі, татар тілі, түрік тілінің электронды корпусы мен ішкі корпусын құрудың заманауи тәсілдері мен мәселелері талқыланып, ұлттық тіл корпусының құралдарын қолдану мен жасаудың әдістері мен тәсілдері ұсынылды.
Осындай халықаралық дөңгелек үстел, корпусты зерттеу саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ ғылымның осы саласындағы зерттеулерді дамытуға және кеңейтуге зор ықпал ететініне сенімдіміз.
|