қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2024

 «Тіл тағдыры – ел тағдыры» мерекелік іс-шара


2024 жылдың 25 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті педагогика кафедрасында Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулығының авторы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және 5 қыркүйек Тілдер күніне арналған «Тіл тағдыры - ел тағдыры» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара тәрбие жұмысы және 2 курстың іс-тәжірибесі аясында доцент Ж. Акпарованың жетекшілігімен «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттердің ана тіліне деген құрметін, ұлтына, еліне сүйіспеншілігін арттыру.

 

Мерекелік іс-шараға Педагогика және психология факультетінің деканы Ғ.Абаева, педагогика кафедрасының оқытушылары қатысып, іс-шараның тәрбиелік мәні мен мазмұнына тоқтап, ұйымдастырушы мен студенттерге алғыстарын айтты.

 

Студенттер тіл тарихы мен грамматикасына қатысты ойындарда белсенділік танытып, қатысушылардың білімдерімен қатар көңіл күйлерінің көтеріңкі болуын қамтамасыз етті.

 

Іс-шара барысында заманауи ЖИ технологияларының көмегімен Ахмет Байтұрсынұлы мен ақын Фариза Оңғарсынованың сөздері жаңғыртылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=