қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2024

Абай университетінің студенттері тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының жеңімпаздары


2024 жылғы қыркүйектің 24 мен 30 аралығында Румынияда тоғызқұмалақтан Әлем кубогы өтті. Төрткүл әлемнің алдында топ жарған Абай университетінің спортшылары  аталған сайыста 1 және 2 орындарды иеленіп қайтты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша ұлдар және қыздар арасында рапид және шапшаң ойнау түрі бойынша бөлек өткізілді. 

 
Спорттық сайыс нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері 1 алтын, 1 күміс медаль еншіледі. Жеңімпаздар: Аяна Исахан - спорт шебері, 1 орын - Рапид, 1 орын - Блиц (1 курс студенті). Дакен Эльдар - спорт шебері, 1 орын - рапидтен күміс жүлдегер, 2 орын - Блиц (3 курс студенті). 

 

Жаттықтырушы - Иралина М. М.

 

Спортшыларымызды құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жетістіктер тілейміз!

 

  alt=