қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.10.2024

 

  alt=  

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 1 қазан - Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл мерекенің біз үшін маңызы ерекше, өйткені ол еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылу тарихымен тығыз байланысты. Жоғары білім саласы әрқашан Қазақстан ғылымының, инновациясының және білім беру жүйесінің дамуына ықпал ететін қозғаушы күш болып қала береді. Отандық білім мен ғылымның қара шаңырағына айналған оқу ордамыз жоғары білікті мамандар даярлай отырып, жоғары білім берудің флагманы ретінде өз қызметін лайықты жалғастырып келеді.

 

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ғылыми әлеуетті дамытуға және оқу-тәрбие үрдістеріне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған күнделікті баға жетпес еңбектеріңіз еліміздің қарқынды дамуының басты факторы болып табылады. Жастардың тұлғалық қалыптасуы мен отандық білім беру жүйесін нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!

 

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс және ғылыми-педагогикалық қызметте жаңа жетістіктер тілеймін!

 

Құрметпен,

ректор Болат Тілеп