Абай университетінің ғалымдарын марапаттау
2024 жылдың 1 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кеңесінің отырысында Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ғалымдарды марапаттап, дипломдарды табыс етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» төсбелгісімен профессор С.Д. Әбішева, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі А.Е.Әбілқасымова, профессор В.Н.Косов, сондай-ақ Жас ғалымдар президиумының мүшесі ретінде университеттің зерттеу қызметі және инновациялар жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан марапатталды.
Сондай-ақ, ректор оқу орнының профессорлары Р.Б. Әбсаттаровты, Ф.Ш. Оразбаеваны, В.Н.Косовты, Ғ.К. Кенжебаевты және А.Т. Құлсариеваны «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің толық мүшесі (академик) мәртебесін алуларымен құттықтады.
Жиын барысында PhD дипломдарымен Э.А. Камбарова (6D060600), Р.У. Альменаева (8D01513), Д.С. Утепова (8D05302), Б.Т. Калиева (6D011400), Г.К. Астемес (8D01610), М.С. Нұрке (8D01301), А.У. Сатыбалдиева (6D011600) марапатталды.
«Абай университетінің ғалымдары халықаралық аренада ғылыми әлеуетін нығайтуды жалғастыруда. Олардың жеткен жетістігі - көп жылғы қажырлы еңбек пен ғылымға деген адалдықтың жемісі. Біз ғалымдарымыздың жетістіктерін әрқашан мақтан тұтамыз және олардың алдағы уақытта еліміздің де, әлемдік ғылыми қауымдастықтың да дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміy», - деді ректор.
Ғылыми кеңес өз жұмысын жалғастырып, күн тәртібіндегі төрт негізгі және әртүрлі мәселелерді қарастырып, талқылады.