Негізгі бет
Жаңалықтар
02.10.2024 Aбай университетінде дуальды оқыту жүйесін енгізу жөніндегі жобаны дамыту 2024 жылғы 27 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы қаласындағы «EPG PROMETHEUS SCHOOL» мектебінің «Бастауыш білім беру бизнес-инновациялармен» бірінші курс студенттерін дуальды оқыту жайлы үшжақты келісім шартқа қол қойылды. Бұл маңызды қадам еңбек нарығында талап етілетін академиялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіретін мамандар даярлаудың жаңа форматын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім беру кафедрасы (кафедра меңгерушісі Азия Жумабаева) мектептің жұмыс тобымен бірқатар кездесулер өткізді. Өндірістік оқыту жоспарын дайындауға кафедра тарапынан: профессор Лебедева Лариса және Акпаева Әсел, мектеп тарапынан: академиялық директор Маркина Марина, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Черкасская Елена және директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Усманжанова Гүлнара қатысты.
Мектеп және факультет әкімшілігімен кездесу барысында студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. «EPG PROMETHEUS SCHOOL» студенттерге оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл жоғары білікті маман даярлауға ықпал етеді.
Педагогика және психология факультетінің деканы Абаева Ғалия студенттерге қол қойылған келісім шарттарды беріп, олардың кәсіби қалыптасу жолына табыс тіледі.
«Бастауыш білім беру АКТ-мен» мамандығының 3 курс студенттері «NGS (Эн Джи Эс) жаңа ұрпақ мектебі» мектебінің базасында өндірістік оқытудың үшінші жылын жалғастыруда. 2022-2023 оқу жылында Abai University KazDual - «Қазақстанда дуальді жүйені енгізу» жобасы шеңберінде (жобаға сілтеме: ЕО 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP, іске асыру мерзімі: 15.01.2021-14.01.2024) Erasmus+ бағдарлама бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын.
Мектептің дуальді бағдарламасының кураторы Бекмұратова Раушан және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Акпаева Әсел әзірлеген өндірістік оқыту жоспары көшпелі семинарлар сериясын, «Сабақ беріп көру» кіріктірілген практикасын және мектеп базасындағы «Жас мұғалім мектебінде» оқытуды қамтиды. Мектеп директоры Хисамутдинова Рената, Педагогика және психология факультетінің деканы Абаева Ғалия мен кафедра меңгерушісі Жумабаева Азия 2024-2025 оқу жылына арналған дуальді оқыту жоспарын бекітті.
Дуальді оқыту мамандарды даярлаудың әлдеқайда танымал форматына айналуда және үшжақты келісім шартқа қол қою қатысушылардың білім беру үдерісін дамытуға және жетілдіруге деген ұмтылысын дәлелдейді.
|