қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.10.2024

Abai Honors College қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жалғасуда


Абай атындағы ҚазҰПУ-да  Abai Honors College қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту ағымдағы 2024-2025 оқу жылында өз жалғасын тауып, студенттер қосымша білімдерін жетілдіруде. Бағдарламаның тыңдаушылар қатары аталмыш семестрде университеттің барлық факультеттерінен іріктеуден өткен студенттермен толықты.

 

Сондай-ақ, осы оқу жылынан бастап болашақ педагогтың цифрлық сауаттылығы мен цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында профессор Марфуға Абсатованың жетекшілігімен «Педагогтың кәсіби іс- әрекетіндегі цифрлық құралдар» элективті курсы енгізілді.

 

Онлайн форматта кездесу барысында студенттер цифрландырудың қажеттілігін, сұранысқа ие екені туралы ой қозғап, белсенділік танытты. Abai Honors College қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру гранттық қаржыландыру жоба аясында жүзеге асуда. (ИРН АР19677510).

 

  alt=  

 

  alt=