Негізгі бет
Жаңалықтар
03.10.2024 Абай университетінің өкілдері IV Халықаралық Эндаумент форумына қатысты 2024 жылдың 1 қазанында Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Эндаумент қорын басқару тиімділігін арттыру және эндаументтерді дамытатын қауымдастықты қалыптастыру қажеттілігіне байланысты «Эндаумент қорын басқарудағы цифрландыру және технологиялық инновациялар» тақырыбында IV халықаралық эндаумент форумы өтті.
Іс-шараның мақсаты - эндаумент қорларын басқарудағы цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін сарапшыларды, практиктер мен ғалымдарды біріктіру болды.
Форум Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, шетелдік университеттер (University of Minnesota, University of Michigan, Izmir Katip Celebi University, МГИМО), сондай-ақ елдегі жетекші университеттердің өкілдері, Қазақстанның эндаументтері, эндаумент мәселелерін зерттейтін академиялық қоғамдастық - қорлардың спикерлерінің қатысуымен өтті.
Форумға Абай университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры Нұркен Мусабаев және Түлектер қауымдастығы (Эндаумент қоры) жетекшісі Болатбек Нұрбатыров қатысты.
Форумның негізгі бағыттары: Эндаумент қорын басқарудағы цифрландыру және технологиялық инновациялар; Акционерлік капиталға қызмет көрсетудегі жасанды интеллект: инвестициялар мен тәуекелдерді басқарудың жаңа көкжиектері; Блокчейн және криптовалюталар: транспаренттілік пен эндаумент қорларын әртараптандырудың жаңа мүмкіндіктері; Қорды басқаруды цифрландыру: заманауи бағдарламалық қамтамасыз етудің тиімділігі, қолжетімділігі және ауқымдылығы; Цифрлық ғасырда тұрақты инвестиция: технология әлеуметтік және қоршаған ортаға әсерге жетуге қалай көмектесетіндігі туралы тақырыптарды қамтыды.
Сонымен қатар, шара барысында сарапшылардың қатысуымен шығармашылық сессиялар өткізілді. Олар эндаумент қорларында қаражат жинаудың заманауи технологияларымен, эндаументтермен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті және қорды басқарудың цифрлық шешімдерін енгізу туралы айтты. Сарапшылардың қатарында «Истоки» эндаумент қорының өкілі Елена Щетинина, Start Time краудфандинг платформасы Азиза Өтегенова, IT сарапшысы Артур Магдалянов және т.б. тұлғалар болды.
Айта кетейік, Эндаумент - білім беру мекемелері мен ұйымдарының ұзақ мерзімді тұрақты дамуына ықпал ететін, жобалардың тәуелсіздігі мен тұрақты қаржыландыруын қамтамасыз ететін қуатты қаржы құралы.
Түлектер қауымдастығы
|