қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.10.2024

Абай университетіне шақырылған шетелдік профессорлар мектеп оқушыларымен кездесті

 

2024 жылдың 2 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шақырылған шетелдік ғалымдар - Бурса Улудаг университетінің профессоры Салих Чепни және Трабзон университетінің профессоры Муаммер Чалих (Туркия), Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Жапония) О.Жандосов атындағы №105 гимназиясының  ұстаздарымен және оқушыларымен кездесті.

 

Кездесу барысында шетелдік профессорлар қазақстандық мектеп өмірімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, оқушылар және мұғалімдермен пікір алмасу жүргізді. Шетелдік профессорлар сондай-ақ, Қазақстанның білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелермен танысты.

 

Кездесуді Абай университетінің химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мукатаева, доцент Айманкуль Мейрманова, аға оқытушы Турар Ақылбекова және 2-ші курс докторанты Зухра Мухамбеталиева ұйымдастырды.

 

Мұндай іс-шаралар екі ел арасындағы білім беру жүйелеріндегі байланысты нығайтуға  ықпал етеді. Одан әрі ғылыми және білім беру жобаларын жасау  үшін жаңа перспективті бағыттарды ашады.

 

  alt=  

 

  alt=