қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.10.2024

«Әлеуметтік педагог – ХХІ ғасырдың заманауи маманы» ғылыми – танымдық іс – шарасы


2024 жылдың 2 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында «Әлеуметтік педагог - ХХІ ғасырдың заманауи маманы» атты ғылыми - танымдық іс - шарасы өтті. Іс-шара халықаралық әлеуметтік педагог күніне орай ұйымдастырылды.

 

Ғылыми-танымдық іс-шараның мақсаты - әлеуметтік педагог мамандығын насихаттау, білім беру жүйелерінде қызмет атқарып жүрген әлеуметтік педагогтердің кәсіби қызметінің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын түсіндіру. Болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Іс-шара барысында сөз алған Педагогика және психология факультетінің деканы Галия Абаева ұстаздар мен студенттерді және қонақтарды құттықтап бүгінгі мерекемен құттықтап, әлеуметтік педагог ретінде жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасап жатқан еңбектері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, облыстық ерекше әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларды қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Бақыт Есенбаева қазіргі қоғамдағы әлеуметтік педагог мамандығының маңыздылығына тоқталып өтті.

 

Ғылыми-танымдық іс-шараны  ұйымдастырушылар:  Ұ.Қ. Қыяқбаева - мектепке  дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі. Професор-оқытушылар құрамы: Г.Қ.Ширинбаева - қауымдастрылған профессор, А.А.Алимбекова - қауымдастырылған профессор, А.И.Булшекбаева - қауымдастырылған профессор және әлеуметтік педагогика мамандығының 1-4 студенттері.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=