қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.10.2024

«Тарих тұлғалар мен тағдырларда: Aбай университетінің көрнекті филологтары» жобасы аясында ұстаздар күніне арналған іс-шара


Ұстаздар күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Тарих тұлғалар мен тағдырларда: Aбай университетінің көрнекті филологтары» жобасы аясында мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

 

Мерекелік кездесуге кафедра оқытушылары мен студенттер және қонақтар қатысты. Кеш қонақтарының қатарында филология ғылымдарының ардагері Мариям Қондыбаева бар. Мариям Қондыбаева кафедрада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген. Ол өз ұстаздық жолын лайықты мұғалімдерді оқытуға және тәрбиелеуге арнады. Ал, өз кезегінде сөз алған кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева және профессор Дамина Шайбақова болашақ мамандар ретінде алғашқы рет кәсіби мейрамын атап өтіп жатқан студенттерді мерекесімен құттықтап, кеш ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

 

Ал, қауымдастырылған профессор Мадина Абаева өз отбасындағы мұғалім-ғалымдардың ұрпақ сабақтастығы туралы, қазақ әліппесінің алғашқы авторларының бірі, арғы атасы Ғали Бегалиев туралы айтып берді. Ол студенттерге атасы жазған жеке кітапхана кітаптарын көрсетті. Олардың отбасында филологтардың 5 ұрпағы бар екендігін, сондай-ақ барлығының Абай университетінде оқығандығы, қазіргі уақытта да осында қызмет етіп жүргендігі жайлы әңгімеледі.

 

Іс-шарадаға барлық студенттер белсене атсалысты. Мерекелік шара қызыққа толы және және өте көңілді өтті. Қатысушылар 1970-ші жылдардан 1990-шы жылдардың аяғына дейін университетте жұмыс істеген және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қалыптасуына зор үлес қосқан педагог, ғалым, аудармашы А.Л. Жовтисті ризашылықпен және сүйіспеншілікпен еске алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=