қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.10.2024

Абай университетінің өкілдері Копенгагендегі European Teacher Education Network Meeting кездесуінде


Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Абдигапбарова (ECO) және жас ғалым, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Мадина Молдағали (со-ECO) Копенгаген, (Дания) University College-де өткен European Teacher Education Network Meeting кездесуіне қатысты.  

 

Кездесуге қауымдастыққа мүше 60-тан астам университеттерден 80-нен астам адам қатысты. Іс-шара аясында ETEN бағдарламасы, international Week ұйымы, сондай-ақ халықаралық жобаларды іске асыру үдерісі аясында студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығы мәселелері талқыланды.

 

Сондай-ақ, интернационалдандыруға баса назар аудара отырып, түрлі университеттердің студенттеріне арналған халықаралық бірлескен онлайн-курстарды ұйымдастыруға бағытталған Collaborative Online International Learning (COIL) бойынша воркшоп өтті. Әдістің өзектілігі мен маңыздылығы және де оны жүзеге асыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, PlayLab (ойын зертханасына) бару ұйымдастырылды, онда University College Copenhagen студенттері мектепке дейінгі жастағы балаларды, сондай-ақ бастауыш және орта сынып оқушыларын шақыру мүмкіндігімен ойын технологиясын іс жүзінде қолдануды үйренеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=