қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.10.2024

 

Жұртшылық референдум қорытындысын талқылады

 

                

 

Алып шаһарымызда жалпыхалықтық референдум қорытындысы талқыланды.

 

Іс-шара Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде студенттер мен профессор-оқытушылар ұжымы арасында өтті.

 

Шараның негізгі мақсаты - студенттер мен оқытушылар арасында атом энергетикасының қауіпсіздігі, оның экологиялық және экономикалық аспектілерін саралау. Сондай-ақ, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АЭС салудың рөлін түсіндіру.

 

Кездесу аясында қатысушылар Қазақстанда АЭС салуға қатысты өткен референдум қорытындысын талқылады.

 

«Қоғамдық дамудың, соның ішінде цифрлық дамудың маңызды бөлігі энергетика. Біз геосаясатта өзіміздің позициямызды жоғалтпау үшін энергетика саласын дамытуымыз керек. Соңғы 2 жыл бойы халқымыз өзінің саяси сауаттылығын көрсетті. Соның нәтижесін референдумның қорытындысынан байқап отырмыз. Жалпы бұл референдум Президентіміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет позициясының жарқын көрінісі болды. Сондай-ақ халқымыз болашақта дамуымызға ықпал ететін стратегияға дауыс берді. Шетелден келген сарапшылар да жоғары бағаларын берді. Бұл еліміздің демократиялық жағынан да көтерілгенін көрсетеді», - деді ҚАЗҰПУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков.

 

09.10.2024

Ақпарат көзі: aqshamnews.kz