қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.10.2024

Абай университеті химия кафедрасының филиалын ашты

 

2024 жылдың 11 қазанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Еңбекші ауылындағы №39 ЖББ орта мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті  химия кафедрасының филиалы ашылды.

 

Мақсаты - ЖОО білім алушыларының теориялық білімдерін практикада бекіту, кафедра филиалын мектеп мұғалімдері мен институт профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасу алаңына айналдыру.

 

Іс-шараға факультет деканы Куләш Каймулдинова, Талғар ауданы бойынша облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Гулзира Алтыбаева, әдіскер Мөлдір Рақышова және кафедраның профессор-оқытушылары қатысты. Кафедра филиалының ашылуына ықпал болған Ректор гранты - университеттің ҒЗИ интеграцияланған ғылыми жобасын өндіріске ендіру.

 

Мектеп директоры Меруерт Арынбаева  мен химия пәні мұғалімі Айгерім Майсабековаға және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=