қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.10.2024

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тенденциялардың тәжірибеге трансфармациялануы»  семинар-тренингі


Абай атындағы ҚазҰПУ және Алматы қаласы білім басқармасының ҚББЖТҒӘО («Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы») мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің өзара  мемарандумына сәйкес, Абай университетінің оқытушылары Бостандық ауданындағы №189 бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тенденциялардың тәжірибеге трансфармациялануы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

Семинар-тренингке Абай университетінің профессоры Ұлбосын Қыяқбаева, қауымдастырылған профессор Анар Алимбекова және «8D01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығының докторанттары Айжан Ауезова, Жанар Шажабаева, сондай-ақ, Алматы қаласы білім басқармасының ҚББЖТҒӘО мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлім жетекшісі Раушан Тумаева және «Құзыреттілік орталықтары» педагогтері мен мобильді топ мүшелері қатысты.   

 

Семинар-тренинг мақсаты - мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заманауи тәжірибелерді талқылау, тәрбие мен оқыту процесіне жаңашыл әдіс-тәселдерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=