қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.10.2024

Байтен Омаров атындағы «Жас сахна» театрымен ынтымақтастық меморандумы 

 

2024 жылдың 15 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Байтен Омаров атындағы «Жас сахна» театры арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Ынтымақтастық кездесуге «Жас сахна» театрының директоры Лев Мейзерович және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов қатысты.

 

Меморандумның негізгі мақсаты - білім мен мәдениетті интеграциялау арқылы студенттердің кәсіби дағдыларын арттыру. Бұл келісім аясында университет студенттері театралдық өнер саласында тәжірибе жинақтап, шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндігіне ие болады.

 

Кездесу барысында күтілетін біршама нәтижелер негізге алынды. Соның ішінде, студенттер театралдық қойылымдарға қатысу арқылы рухани азық алып, өздерін шығармашылық тұрғыдан танытады. Сондай-ақ, кәсіби мамандар студенттер үшін арнайы семинарлар мен шеберлік сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Меморандум жастарды мәдениетпен таныстырып, театр өнерінің маңызын түсінуге көмектеседі.

 

Абай университеті мен Байтен Омаров атындағы «Жас Сахна» театры арасындағы ынтымақтастық меморандумы - жастардың мәдени және шығармашылық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам. Бұл келісім жастарға өз таланттарын танытуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және театр өнеріне жақын болуға ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=