қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2024

Абай университетінің мақтаныштары Жұрқамырза Шүкірбеков және Эсмигүл Куюловамен кездесу


2024 жылдың 18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен университет мақтаныштары - XVII жазғы Паралимпиаданың қола жүлде иегері Жұрқамырза Шүкірбеков пен дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдегері Эсмигүл Куюловамен кездесу өтті.

 

Кездесуге әлеуметтік даму мәселелер жөніндегі проректор Мақсат Жақау, Дене шынықтару және алғашқы әскери дайындық факультетінің деканы Ернар Оспанкулов, университет студенттері және қонақтар қатысты. Кездесу барысында ел намысын қорғап жүрген жас спортшыларымыз  үлкен спорттағы тәжірибелері мен ұстаздары, күнделікті жаттығулар мен алға қойған мақсаттары және еңбек етудің  жауапкершілігі төңірегінде әңгіме өрбітті.

 

Сонымен қатар спортшыларымыз салауатты өмір салтын ұстанудың және тәртіп пен табандылықтың маңыздылығын атап өтіп, студенттерді мақсат қойып, армандарына жетуге ынталандырды. Сондай-ақ, спорттың дзюдо түріне қызыққандарға өз ақыл-кеңестерін беріп, жастардың қызығушылығын тудырған сауалдарға жауап берді.

 

Айта кетейік, Жұрқамырза Шүкірбеков пен Эсмигүл Куюлова университетіміздің дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім