қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2024

Студенттік ректоратқа сайлау науқаны


2024 жылдың 17 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен «Студенттік ректоратқа» сайлау науқаны өтті.

 

Сайлауға университеттің 7 факультеті мен 1 институтынан жалпы саны 35 үміткер қатысып, ең белсенді 23 студент Студенттік ректорат мүшелігіне сайланды.

 

Нәтижесінде Студенттік ректораттың мүшелігіне Филология факультетінен: Мадияр Хайрулмажитов, Елдар Шабденов, Дина Жұман; Жаратылыстану және география факультетінен: Жандос Әділхан, Айгерім Ержан, Хушноз Нарзуллаева; Тарих және құқық факультетінен: Нұрайлым Нұржан, Мерей Олжабай; Педагогика және психология факультетінен: Ниязхан Темірханұлы, Көркем Бекмухамбет, Нұрсауле Маулен; Математика, физика және информатика факультетінен: Нұрдана Қуантай,  Альбина Тұрсынбек, Ізбасар Измахан; Өнер факультетінен: Нұрайым Ерболатқызы, Бекзат Әбдірәсіл,  Перизат Жанкелдіқызы; Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінен: Ердәулет Джанабилов, Асылзада Абишова, Мирас Айтуар; Сорбонна-Қазақстан институтынан: Эльнура Беделбай, Мөлдір Қадылбек, Ақбота Жұбатханова сайланды.

 

Сайлау нәтижесінде бір жылға сайланған ұйым мүшелері студенттердің қызығушылықтары мен оларды толғандырған мәселелер және шешімдері төңірегіндегі жұмыстармен айналысатын болады.

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім